Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:45

Түркия Ресей мұнайынан бас тартса, салынған санкциялар жойылуы мүмкін

Ердоған
Фото: ашық дереккөз

Трамп Түркия Ресей мұнайын сатып алудан бас тартса, санкцияларды жұмсарту және F-35 жойғыш ұшақтарын жеткізуді қайта бастау мүмкін екенін айтты. 

Бұл туралы ол Ақ үйде Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу кезінде мәлімдеді.

Ердоған АҚШ-қа алты жылдан кейін барып тұр. Кездесуде қару-жарақ келісімдері, Boeing ұшақтарының жеткізілімі және Сириядағы жағдай талқыланды. Ал Газа мәселесінде тараптардың ұстанымы әртүрлі болып шықты.

«Біз Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатырмыз», - деді Ердоған. Ол F-35, F-16 және Halkbank ісі бойынша оң өзгерістерге үміт артатынын атап өтті.

Айта кетейік, Үндістан да Ресей мұнайынан бас тарту үшін АҚШ-қа талабын қойды.

Тегтер: