13:05, 16 Тамыз 2021
Түркияда су тасқыны: қаза тапқандар саны 70-ке жетті

Түркияның Қара теңіз аймағында су тасқыны болып, сқаза тапқандар саны 70-ке жетті, — деп хабарлайды APA басылымына сілтеме жасап.
Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, Кастамонуда 62 адам, Синопта 14 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ол қоршаған орта және урбанизация министрі Мұрат Құрым мен энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмезбен бірге Кастамону қаласының Бозкурт ауданында болды.
«Біз кеше және бүгін 20 тонна азық-түлікті тікұшақпен жеткіздік», — деді Сойлу.
Айта кетейік, нөсер салдарынан туындаған су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабук және Кастамону провинцияларын басып кеткені хабарланған болатын. AFAD мәліметінше, аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.