Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:05

Түркияда төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған имам Фетхуллаһ Гүлен қайтыс болды

ы
Фото: Reuters
АҚШ-та бұрынғы имам Фетхуллаһ Гүлен қайтыс болды. Түркия билігінің мәліметінше, ол 2016 жылы төңкеріс әрекетін ұйымдастырған.

Гүлен жексенбі күні кешке 83 жасында қайтыс болды. Ол 1999 жылы Реджеп Ердоғанмен жанжалдасып, Түркиядан Америка Құрама Штаттарына кеткен, бірақ оған дейін оның жақын одақтасы болған.

Гүлен «Хизмет» қоғамдық ислам қозғалысын және 160 елде университеттер мен мектептердің үлкен желісін құрды. Ол АҚШ-та жүргенде түрік билігін сынға алды. Түрік үкіметі «Хизметпен» соғыса бастады.

Нәтижесінде Ердоған «Хизметті» 2016 жылы шілдеде болған төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптады. Қақтығыстардың салдарынан 250-ден астам адам қаза тауып, екі мыңнан астамы жараланған. 300-ден астам адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Түркия билігі Гүленді экстрадициялауды талап етті.

Тегтер: