Бүгін, 12:44
Түркияда түркітектес азаматтарға жергілікті тұрғындармен тең құқықта жұмыс істеуге рұқсат берілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі тектес шетелдіктерге ел азаматтарымен бірдей еңбек етуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды.
Құжат ресми үкіметтік бюллетеньде жарияланып, «Түркі тектес шетелдіктердің Түркияда өз кәсібін немесе қолөнерін еркін жүргізуіне, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда жұмыс істеуіне мүмкіндік беру туралы» заңға түзетулер енгізілген.
Жаңа ережелерге сәйкес, Түркияда еңбек ету құқығына ие болу үшін түркі тектес шетел азаматтары келесі талаптарды орындауы қажет:
елде тұруға рұқсаттың болуы;
кәсіби қызметі елдің қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі;
шетелде алынған диплом немесе сертификаттың баламалылығын растау;
түркі қауымына тиесілі екенін дәлелдеу.