17:08, 31 Шілде 2023
Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандық туристердің бірі көз жұмды
Түркияның Анталия провинциясында жол апатынан кейін ауруханаға жатқызылып, ота жасалған қазақстандық турист көз жұмды.
Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
«Аланияда жол апатынан зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада дүниеден өтті. Марқұмның ұлы бүгін Анталияға келді, қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», — деді Смадияров.
Айта кетейік, Кеше Түркияның Алания қаласында қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшыраған. Жергілікті Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі мен оның жанында отырған гид, Украина азаматы қайтыс болды. Отандастарымыздың екеуіне ота жасалған болатын.