18:14, 07 Тамыз 2023
Түркияда жол апатына ұшыраған қазақтардың шығынын кім төлейді?
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда Қазақстан азаматтары бар көліктің апатына қатысты пікір білдірді.
Айбек Смадияровтың айтуынша, төрт отандасымыз Алания емханаларында қажетті ем қабылдап жатыр.
«Барлық медициналық қызметтер мен мәйіттерді елге қайтару бойынша шығындарды сақтандыру компаниясы көтерді. Бұл туристер демалысына жауапкершілікпен қарап, сақтандыру полисін алған», — деді СІМ ресми өкілі.
Еске салайық, Түркиядаға жол апаты салдарынан отандасымыз адвокат болып жұмыс істеген 49 жастағы Маңғыстау тұрғыны мен бір әйел қаза тапқан болатын.