Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 24 Қазан 2024

Түркиядағы теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам жараланды

f
Фото: Anadolu агенттігі
Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жараланды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Түркия астанасының Кахраманқазан ауданындағы TUSAŞ мекемесінде болған лаңкестік әрекетте жараланған 22 адамның екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты.

Оның айтуынша, шабуылға PKK лаңкестік ұйымының қатысы болуы әбден мүмкін. «Біз жеке басын куәландыратын және басқа да дәлелдер анық болған сайын бөлісеміз», - деді ол.

(Partiya Karkerên Kurdistanê – PKK – Түркиядағы күрдтердің ұлттық құқықтары үшін және Түркия құрамында демократиялық конфедерализмге негізделген ұлттық-территориялық автономия құру үшін күресетін күрдтердің әскери-саяси ұйымы)

Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Ерликаяның айтуынша, лаңкестердің бірі әйел.

Ведомство басшысы жұртшылықты болған оқиғаға қатысты тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

TUSAŞ мекемесіндегі лаңкестік әрекет Түркияның тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне нұқсан келтіруді көздейді, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

«Түркияға созылған лас қолдар бұзылады. Біздің қауіпсіздігімізге бағытталған бірде-бір құрылым, террористік ұйым немесе зұлымдық ошағы өз мақсатына жете алмайды», - деп жазды Ердоған Х.

Елдің Әділет министрі Йылмаз Тунч Анкара Бас прокуратурасының лаңкестік шабуылға қатысты тергеу бастағанын айтты.

Тегтер: