Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 03 Тамыз 2023

Түркиядағы жол апаты: Тағы бір қазақстандық ауруханада қайтыс болды

None
None

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қайтыс болды.

«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі

Бұған дейін жол апатынан тағы бір жерлісіміздің қайтыс болғаны хабарланған. Кейін марқұмның 49 жастағы Маңғыстау тұрғыны, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының адвокаты Кенже Мұңайтпасұлы екені белгілі болды.

Айта кетейік, Алания облысында туристік шағын автобус пен жүк көлігінің соғысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған болатын. Туристік шағын автобус жүргізушісі мен гид оқиға орнында қаза тапқаны анықталды. Оқиғада 6-уы ауыр жарақат алған 12 турист Алания және Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілген.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланияда қазақстандықтар болған шағын автобус бен жүк көлігіні жол апатын растады. Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келетін туристердің жағдайы туралы айтты.

Кейін түрік ақпарат құралдары микроавтобус апатының видеосын жариялады.

Жексенбі, 30 шілдеде Түркияда Аланиядағы оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған қазақстандық турист көз жұмды.

Тегтер: