Ердоған Түркияның Израильге басып кіре алатынын айтты
Ердоған Түркияның Израильге «Ливия мен Таулы Қарабақ сияқты» басып кіре алатынын айтты. Израиль Сыртқы істер министрлігі оны Саддам Хусейнмен салыстырды.
Ердоған Голан төбелеріне жасалған соққыдан кейін Ливан мен Израиль арасындағы жағдайдың нашарлауына қатысты мәлімдеме жасады.
«Израиль Палестинаға мұндай қорқынышты істерді жасамауы үшін біз күшті болуымыз керек. Біз Қарабаққа кіргеніміз сияқты, Ливияға кіргеніміздей, оларға да сондай әрекет ете аламыз», - деді Ердоған.
Израиль Сыртқы істер министрі Израиль Кац бұған жауап ретінде Ердоған Израильге шабуыл жасаймын деп қорқыту арқылы «Саддам Хусейннің ізімен жүрді» деп жауап берді.
«Ол жерде не болғанын және оның қалай аяқталғанын есіне алсын», - деп жазды Катц.
Ал, Түркия Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Адольф Гитлермен салыстырды.
«Гитлер геноцидті қалай аяқтаса, Нетаньяху геноциді де солай аяқталады. Нацистер жауапқа тартылғаны сияқты, палестиналықтарды жоюға әрекеттенгендер де жауапқа тартылады», - деді түрік дипломаттары twitter әлеуметтік желісіндегі мәлімдемеде.