Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:08, 15 Тамыз 2024

Түркіменстанда жалғыз ұялы байланыс операторы SIM карталарын сатуды тоқтатты

Р
Фото: kaspersky
Түркіменстандағы жалғыз ұялы байланыс операторы SIM карталарын сатуды тоқтатты.

Елде SIM карталардың бітіп қалғаны айтылады.

 «Азаттық» радиосының түрікмен қызметінің хабарлауынша, «Алтын Асыр» операторының қызметкерлері төлқұжат алған 16 жастағы жасөспірімдерге «тегін телефон нөмірлері жоқ» деп сим-карта беруден бас тартып жатыр.

Ал, Түркіменстан тұрғынының айтуынша, SIM-картаны жаңа нөмірлерге де, бұрыннан бар нөмірлерге де алу мүмкін емес. Тұтынушылар тек тарифті өзгерте алады. 

«Алтын Асыр» 2023 жылдың көктемінде SIM-карталарды сатуды шектей бастады. Қазан айында компания кеңселерінде 2024 жылдың көктеміне дейін сатылымда болған орындарда кезек пайда болды.

Тегтер: