Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:12

Түркістан облысында 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған күдіктілер ұсталды

Қылмыскер
Фото: ашық дереккөз

Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған.

Кадрларда белгісіз ер адамдардың көлікпен 12 жастағы қызды аңдығаны айтылған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көшеде жүрген мектеп оқушысына бейтаныс ер адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Алайда қыз бұл ұсыныстан бас тартқан. Соған қарамастан, күдіктілер көлікпен оның соңынан жүре бастаған.

Жағдайды байқаған ауыл тұрғындары араласып, қызға көмектескен. Осыдан кейін ер адамдар оны аңдуын тоқтатқан.

Кейін оқиғаның видеосы ауылдық чаттарда тарап, тұрғындардың алаңдауына себеп болды.

Полиция күдіктілерді ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: