Бүгін, 12:28
Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды
Қайғылы жағдай пешті дұрыс пайдаланбау және түтін шығатын мұржаның уақытылы тазаланбауынан орын алған.
Мәліметке сәйкес, қаза тапқандар – әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласы. Ал 13 жастағы бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.
Оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 1 қаңтар күні Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды. Салдарынан екі адам қаза тапты.