12:30, 04 Қараша 2024
Түркістан облысында экстремистік ұйымның ұяшығы жойылды
Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес
басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Түркістан облысында экстремистік ұйымның ұяшығын жойды.
«Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының Кентау қаласындағы жасырын бөлімшесін жойды. Олардың идеологиясы зайырлы конституциялық жүйені құлату және елде шариғат нормаларын енгізу», - делінген хабарламада. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің лаңкестік идеяларын насихаттайтын, сондай-ақ діни сезімдерін қорлайтын және басқа нанымдағы азаматтарды кемсіту туралы мәлімдемелер жасағаны анықталды.