Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

Түркістан облысында газ жарылып, бірнеше үй қирады

Е
Фото: ЖИ

Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында газ жарылысы болып, көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі қирады.

Оқиға салдарынан бір тұрғын жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — тұрмыстық газ жүйесіне өз бетінше заңсыз қосылу. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, үйдің бірнеше пәтері толығымен қираған, қалпына келтіру мүмкін емес. Қазір қауіпсіздік мақсатында ғимаратқа газ беру уақытша тоқтатылған.

Газ қызметінің өкілдері апат орнында тексеріс жүргізіп, ықтимал газдың шығу нүктелерін анықтап жатыр. Сонымен қатар, олар тұрғындарға өз бетімен газ желісіне қосылудың аса қауіпті екенін және мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.

«Кез келген газ құрылғысын орнату мен қосу тек лицензиясы бар мамандардың бақылауымен жүргізілуі тиіс. Бұл — ең алдымен адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет шара», – делінген хабарламада.

Тегтер: