Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:48

Түркістан облысында Келес өзені үстіндегі көпір құлады

1
Фото: скриншот

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін автожол көпірі құлады. Оқиға Қошқарата ауылында тіркелген. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады.

Билік мәліметінше, көпірдің конструкциясынан жарықтар анықталған соң, қозғалыс алдын ала тоқтатылған. Соның арқасында зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, көпірдің апатты жағдайға түсуіне көп жылдық пайдаланылуы және өзен суының тіректерді шайып кетуі себеп болған.

Қазіргі уақытта автокөлік қозғалысы үшін Алпамыс пен Біртілек ауылдық округтері арқылы 10-15 шақырымдық айналма жол ұйымдастырылған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр. Жағдай тұрақты. Алдағы уақытта мамандар көпірге техникалық тексеру жүргізіп, оның әрі қарайғы тағдыры мен қалпына келтіру шаралары бойынша қорытынды дайындайды.