Түркістан облысында студент қызды зорлаған мигрант өмір бойына сотталды
Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық соты 7 айға созылған сот процесінен кейін 38 жастағы мигранттың кінәлі екенін толық дәлелдеді. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот мәліметіне сәйкес, үш баланың әкесі былтыр жұмыс іздеп Қазақстанға келген. Ол Түрткүл ауылындағы наубайханада нан жауып нәпақасын тауып келген.
«Азық-түлік дүкенінен кәмелетке толмаған жәбірленуші 2009 жылы туған дүкенде көріп, оған әдеттегідей нан өткізіп, нан ақшасын алып күткен. Түнгі бір шамасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, күш қолданып, зорлау және сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Одан кейін сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқан», - дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Мадалиев.