Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:21

Түркістан облысындағы өрттен аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Түркия
Фото: из открытых источников

Түркістан облысындағы алапат өрттен аман қалғандардың жағдайы туралы Министрлік ақпарат таратты.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен үш адамның жағдайы әлі де өте ауыр. 18 жастағы қыз бен әйел өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ер адам өздігінен демалып тұр, бірақ ол да тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында.

Олардың денесінің 11-30 пайызы күйген. Қазір науқастар аудандық аурухананың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Түркістанда үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Олардың ішінде 9 бала бар.

Көршілердің айтуынша, оқиға болған түні үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.

Тегтер: