Бүгін, 15:10
Түркістан облысындағы қайғылы өрттен үш адамның бірі қайтыс болды
Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған жойқын өрттің салдары ауыр болып жатыр.
Бұған дейін 12 адамның, соның ішінде 9 баланың қаза тапқаны хабарланған еді. Бүгін тағы бір зардап шеккен 7 жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды. Осылайша, қаза болған балалар саны 10-ға жетті.
Ол Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның денесі ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 18 қараша күні таңертең болған. Көршілердің айтуынша, отбасында алдыңғы күні шағын жиын өтіп, үйде туыстар қонақтап қалған. Таңсәріде үйді өрт шарпыған.