Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:15

Түркістан өңірінен халық жаппай көшіп жатыр

1
Фото: ашық дереккөз

Өткен жылы Қазақстанда ішкі көші-қон айтарлықтай артқан. Ең көп адам көшіп барған қала — Астана. Ресми дерекке сәйкес, елордаға 87 459 адам қоныс аударған.

Көшіп келушілер саны бойынша одан кейін Алматы (+33 126), Шымкент (+15 130) және Алматы облысы (+12 110) тұр.

Ал керісінше, халық ең көп кетіп жатқан өңір — Түркістан облысы. Бұл аймақтан 42 649 адам көшіп кеткен. Көші-қон сальдосы теріс өңірлер қатарында Жамбыл облысы (−21 179), Жетісу облысы (−13 018) және Қызылорда облысы (−11 913) да бар.

Экономист Рахымбек Әбдірахмановтың пікірінше, ішкі көші-қон ең алдымен өңірлердің экономикалық жағдайына байланысты. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерге қатты тәуелді аймақтар халықты көбірек жоғалтып жатыр.

Сарапшы мәліметінше, субвенция көлемі ең жоғары өңірлердің қатарында Түркістан облысы — 1,1 трлн теңге, Қызылорда облысы — 504 млрд теңге, Жамбыл облысы — 494,3 млрд теңге, ал Жетісу облысы — 381,8 млрд теңге.

Тегтер: