Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:07

Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды

сәби
Фото: из открытых источников

 Түркістан қалалық орталық ауруханасына 8 айлық сәби қызылшаға күдікпен жеткізілген. Алайда жүргізілген тексерулер барысында баланың жағдайына жұқпалы ауру емес, іш қуысындағы бөгде зат себеп болғаны анықталды.

Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде дәрігерлер сәбидің ішінен ине табылғанын анықтаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, бөгде зат асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсы арқылы енген.

Баланың мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі дәл осы бөгде заттың әсерінен болған. Сәбидің анасы инені баланың жұтпағанын айтқан.

Түркістан қалалық орталық ауруханасы мен қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл хирургиялық ота жасап, қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсеткен.

Дәрігерлердің мәліметінше, уақытылы жасалған операция мен емнің нәтижесінде сәби қалпына келе бастаған.

Осыған байланысты дәрігерлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, тұрмыстық заттарды қолжетімсіз жерде сақтау қажеттігін ескертті. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтудің маңызын көрсетеді.

Тегтер: