Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:55

Түркістанда әкесін ұрды деп айыпталған ер адам соттан жеңілдік сұрады

Соққы
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, өліміне себепкер болды деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев сот барысында кінәсін мойындап, жазаны жеңілдетуді өтінді.


Айыпталушының айтуынша, ол жасаған ісіне өкінеді және сол сәтте өз әрекетіне есеп бере алмаған.

«Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын», - деді ол.

Прокурор айыпталушыны 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және айыппұл салуды сұрады. Сот үкімі 15 қаңтарда жарияланбақ.

Тегтер: