10:55, 09 Желтоқсан 2025
Түркістанда бұрынғы бас дәрігер мен оның серіктесі ұсталды
Түркістанда 115 млн теңгені ұрлады деген күдікпен бұрынғы бас дәрігер мен оның серіктесі ұсталды.
Тергеу мәліметіне қарағанда, Қазығұрт аудандық ауруханасының экс-басшысы медицина жабдықтарын сатып алу кезінде жасырын схема құрған. Ол таныстарын тартқан, туыстарына тиесілі фирмалар арқылы жабдықтардың бағасын бірнеше есе өсіріп, жалған келісімшарттар жасаған.
Ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналып, қатысушылар арасында бөлінген. Күдіктілердің бірі ұрланған қаржыға Астанадан пәтер алғаны анықталып, оған тыйым салынды.
Бас дәрігерге кепіл мөлшері белгіленсе, оның сыбайласы үйқамаққа алынды.