Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:15

Түркістанда екі полицей пара мен есірткі саудасы үшін ұсталды

Полиция
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті  кезекті операция жүргізіп, Түркістан облыстық Полиция департаментінің екі қызметкерін ұстады.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары есірткі заттарын сақтау және сату дерегі бойынша күдікке ілінген. Сонымен қатар оның қызметкері — жедел уәкіл пара алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Аталған істің мән-жайын адвокат Талғат Есімов мәлім етті:

 «Менің ойымша, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын және оның өңірлік бөлімшелерін таратқан жөн. Бұл функцияларды ҰҚК-ге беру керек», — деді ол.

ІІМ баспасөз қызметі екі полицейдің ұсталғанын растады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Тегтер: