Бүгін, 10:15
Түркістанда екі жігіт айыппұлдарға ренжіп, бейнебақылау камераларын сындырған
Түнгі уақытта бетперде киген екі жас жігіт көшедегі камераларды әдейі сындырған.
Олар ұзын таяқ пайдаланып, жалпы төрт құрылғыны істен шығарған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгеден асады.
Оқиғадан кейін полицейлер жақын маңдағы бейнежазбаларды қарап, күдіктілердің ізіне түскен. Нәтижесінде олар ұсталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.