Бүгін, 10:51
Түркістанда күйеуі әйелін ұрлап, психиатриялық ауруханаға заңсыз жатқызған
Түркістан облысында үш ер адам әйелдің қолы мен аяғын байлап, оны күштеп Шымкентке алып кеткен.
Тергеу дерегінше, кейін күйеуі тиісті медициналық құжаттарға қол қойып, әйелін заңсыз түрде облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырған.
Сот күйеуін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам ұрлауы (ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1-тармағы), психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚК 127-бабы 1-бөлігі) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау (ҚК 287-бабы 3-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның сыбайластары 8 жылға сотталды.
Бұдан бөлек, сот шешімімен күйеуі жәбірленушіге 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.