Бүгін, 10:15
Түркістанда үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, оның 9 -ы бала
Таңғы уақытта Түркістан облысында қайғылы оқиға болды. Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден шыққан ірі өрт туралы ақпарат 101 қызметіне түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, үй толықтай отқа оранған еді.
Өртті ауыздықтау және барлау барысында құтқарушылар үйден ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, оларды шұғыл түрде жедел жәрдем тобына тапсырды.
Жанған үйдің ішінен 12 адамның мәйітітабылды, олардың ішінде 9 бала бар.
Көршілердің айтуынша, оқиға болған түні үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.