Тұрлыхановтардың дәстүрі: депутаттың жиені тағы да сотқа тартылды
Мәжіліс депутатының жиені Рахат Тұрлыханов жақынына қол жұмсады деген күдікпен сотқа тартылды. Оның кімге қол көтергені әлі нақтыланбаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді.
“Енді ол жаңа қылмысы үшін тағы да сотталады. Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергенін әлі білмеймін. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73-2-бабының 1-1-тармағында туысқанының денесін зақымдағаны үшін жаза қарастырылған. Әнші бұл жолы тағы да жас әйеліне қол жұмсаған секілді. Әйелдерді ұрып-соғу Тұрлыхановтар үшін отбасылық дәстүрге айналғанын атап өткім келеді”, – деп жазды журналист.
Ол сөзіне дәлел ретінде бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың үлкен ұлы мен ортаншы ұлының қыздарға қол көтерген видеосының желіде тарағанын келтіреді.