Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 13 Шілде 2023

Тұтынушылардың құқығын қалай қорғаймыз?

None
None

Кез келген адам өз өмірінде кем дегенде бір рет болсын дүкенге тауардықайтару немесе сатушымен, өндірушімен немесе орындаушымен келісімжасасу сияқты фактісімен кездескені рас.

Осыған орай Тұтынушылардықолдау және қорғау орталығының маманы Назым Омарғазымен әңгімелескенедік.

– Оқу бағдарламасын жасауға және дайындауға қанша адамқатысты?

– Оқу бағдарламасын төрт адам жасаған. Олардың барлығы құқықтанусаласында жұмыс істейді, магистр дәрежесі бар. Мамандар 2 ай бойы оқытубағдарламасын әзірлеп, бұрын өткізілген, осыған ұқсас курстардың озықтәжірибесін ескеруге тырысқанын аңғару керек.

– Оқуды қашан бастау жоспарланып отыр және қай қалаларқамтылады?

– Оқыту кезең-кезеңімен өтеді және екі кезеңнен тұрады. Оффлайн жәнеонлайн форматтарда. Бірінші кезең осы жылдың шілде айында басталып, оффлайн режимінде өтеді. Ал екінші кезең тамыздан қыркүйекке дейінжалғасады және ол онлайн режимде өтеді. Сондай-ақ тағылымдамадан өткізужоспары бар, ол осы жылдың тамыз айынан қараша айына дейін жалғасады.Шілденің өзінде Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда және Өскемен қалаларының қатысушыларыдайындықтарын бастайды. Оқыту курсында 32 сағаттық жаттығу бар. Біржылдың ішінде кем дегенде 480 адамды оқытуды жоспарланып отыр.

– Курс бағдарламасына кім өтініш бере алады? Жас жағынан жәнекәсіптік ерекшеліктері жағынан шектеулер бар ма?

– Бағдарлама 18 жастан асқан кез келген Қазақстан Республикасыныңазаматы өтініш беріп, қатысушы бола алады. Бұл жерде қызмет саласы оқубағдарламасына барынша сәйкес келетін үміткерлерге артықшылықберілетінін атап өткім келеді. Яғни олар – кәсіпкерлер, заңгерлік жәнеэкономикалық мамандықтардың студенттері, тұтынушылардың құқықтарынқорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлеріжәне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен де айналысатынжеке мамандар болуы мүмкін.

– Жаттығу барысы және оның нәтижелері туралы қалай және қайдахабарланатын болады?

– Әлеуметтік желі арқылы халықты ақпараттандыру қолға алыныпжатыр. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне ақпарат беру де жоспары бар.Оқыту бағдарламасы авторларының айтуынша, оқу нәтижелері бойыншатестілеу жоспарланған. Үздік нәтиже көрсеткендер Қазақстан РеспубликасыСауда және интеграция министрлігінің сауда және тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау аумақтық департаментіне тағылымдамадан өтугешақырылады. Ұйымдастырушылар бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын органдардың қызметімен нақты танысуғамүмкіндік береді деп есептейді.

Тегтер: