Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 09 Ақпан 2023

Туың түспесін, түбі бір түрік баласы!

None
None

Түбі бір түрік бауырлар ауыр күндерді бастан өткеріп жатыр. Зілзаладан қаза тапқандар саны 3 381 адамға жеткен.

Бұл сан әлі де артуы мүмкін. Өйткені жермен жексен болған үйінділер аршылып жатыр. Қазірдің өзінде жараланғандар саны жиырма мыңнан асып кеткен. Жер сілкінісінен 5575 ғимарат қирап қалыпты. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайларды басқару департаментінің жер сілкінісі және қауіп-қатерді азайту департаментінің бас директоры Орхан Татар мәлімдеді. 

Апат айтып келмейді. 6 ақпан таңда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған табиғат апатынан қаза тапқандар үшін жеті күндік аза тұту жариялады.

Р.Ердоған: «Елімізде 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісіне байланысты бүкіл елде жеті күндік аза тұту жарияланды. Барлық ұлттық және шетелдік өкілдіктеріміздегі туымыз 2023 жылдың 12 ақпаны, жексенбі күні күн батқанға дейін жартылай түсіріледі» – деді.

Апат болған аймақпен шекаралас Сирияның бірнеше өңірінде және Ливанның астанасы Бейрутта да жер сілкінісі сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны – 769 адамға жетсе, 1,5 мыңға жуық тұрғын жараланған.

Естеріңізге сала кетсек, түрік жерінде мұндай апат 1939 жылдан кейін бірінші рет тіркеліп отыр.

Тегтер: