10:30, 17 Қаңтар 2022
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Алматыдағы жаппай төтенше жағдай кезінде қанша жанармай құю бекеті зардап шеккені белгілі болды.
"Қалада 220 жанармай құю бекеті бар. 17 қаңтардағы жағдай бойынша, 190-ы ашық. Олардың 68-і ТЖ кезінде зардап шекті. 38 ЖМҚС қалпына келтірілді. 30 қалды, олардың 28-і 2 апта ішінде қалпына келтіріледі. Екеуі толығымен жанып кеткен", — деді әкімдік өкілі Алматы штабының отырысында.