09:10, 16 Сәуір 2024
ТЖД: Ақтөбе облысында 5 елді мекенді су басу қаупі бар
Ақтөбе облысында 5 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұрхат Қалдыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, су тасқынының алдын алу шараларына 1200-ден астам адам, 69 бірлік техника, 8 жүзу құралы, 3 су айдау техникасы және 2 әуе кемесі тартылды. Уақытша орналастыру пункттеріне 1699 адам орналастырылды, оның ішінде 737-і бала.
Оның мәліметінше, Ырғыз ауданында 5 елді мекенді су басу қаупі бар: Мамыр, Нұра, Құйылыс, Жайсанбай және Белшар айылдары. Қазіргі уақытта жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 327 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.
«Бүгін тікұшақтардың көмегімен Ырғыз ауылынан Құйылыс және Жайсанбай ауылдарына күштер мен құралдар жеткізілді, Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына гуманитарлық көмек жіберілді. Нұра ауылынан 11 тұрғын эвакуацияланды», - деді спикер.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына көмек көрсету үшін Ақтөбе облысынан күштер мен құралдар жіберілген.
Фото: Ортком