Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:39, 10 Сәуір 2023

ТЖМ-ге Қазақстанда құрастырылған тікұшақ табысталды

None
None

Отандық зауытта Airbus тікұшақтары құрастырыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жобаларды іске қосу мен азаматтық өндірісті дамыту аясында «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына қарасты «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытында H145 және H125 маркілі тікұшақтары жинақталып, тапсырыс берушілерге табысталды.

Airbus Helicopters H145-тің алғашқы данасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Бұл үлгідегі модель Airbus-тың қос моторлы тікұшақтары тобына жатады.

«Аталған әуе техникасының сапасы әлемдік өндіруші компаниялардың қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшу жарамдылығының нормаларына сай келеді. H145 әуеге көтерілгенде 5 қалақты ротор тербелісті айтарлықтай төмендетуге септігін тигізді. Бұл жоғары тербелісті бәсеңдету жүйесін қажет етпейтінін көрсетті. Нәтижесінде пайдалы жүктеме 150 келіге дейін ұлғайтылды. Осы тікұшақ өз санатында ауыр салмақты әуе техникасы саналады. Мысалы, 2019 жылы H145 Анд тауының биіктіктігі 6 961 метр болатын Аконкагуа шыңына сәтті қонып, техникалық сипаттамасы оң жағынан байқалды», — деді «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.

Қазір ТЖМ-нің авиациялық паркі отандық және шетелдік әуе құралдарымен, оның ішінде H145, H130 сынды тікұшақтармен толықтырылған.

Тегтер: