14:09, 03 Ақпан 2023
ТЖМ министрі Түркістан облысындағы жергілікті тұрғындармен кездесті
Юрий Ильин Сауран ауданының төрт елді мекенінде су басу салдарын жою барысымен танысып, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.
Әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралауды ұйымдастыру тапсырылды.
Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елді мекендегі су сорылған.
Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарын араламақ.
Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған.