Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:36, 05 Наурыз 2024

ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керегін айтты

ТЖМ
Фото: из открытых источников

Алматыда қаңтар айының 23-і күні магнитудасы 5 балдық жер сілкініс болып, қала жұртын дүрліктірді.

 Одан кейін біпнеше рет күші әлсіз жер сілкіністері бірнеше рет ақпан айы бойы қайталанды. Ал 4 наурыз күні алматылықтар 5 балдық жойқын жер сілкінісін сезді. Бұл кезде де сирена ойнап, адамдар далаға шықты. Төтенше жағдай министрлігі бірінші және екінші жер сілкінісі кезінде де жер сілкінісі кезіндей қалай әркект ету керегін және жер сілкініс кезіндегі тәртіпті жариялады.

Жер сілкінісі болған кеше – 4 наурыз күні ТЖМ Алматы қаласы тұрғындарына үндеу жолдап, дүрбелеңге түспеуді сұрады. Төтенше жағдай Министрлігі жер сілкініс болған кезде қалай әрекет ету керек алгоритімін жариялады:

“Құрметті Алматы қаласының (Алматы және Жетісу облыстарының) тұрғындары! Қазақстан аумағында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері пайда болған кезде, егер сіз бірінші қабатта болсаңыз – сыртқа шығыңыз. Егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, жиһаздан, терезелерден, люстралардан алыстап, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышында немесе есік ойықтарында тұрыңыз. Балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз”, - деп хабарлады ТЖМ.

Бөдан бөлек Төтенше жағдай Министрлігі жер сілкінісі тоқтағаннан кейін тұрғындай үрейге берілмей, айналадағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек беру керегін және тек ТЖМ тарататын менімді ақпараттарға сену керегін де айтты.

“Дүмпу тоқтағаннан кейін суды, газды, электр қуатын өшіріп, «дабыл чемоданын» алып, ғимараттан шығыңыз. Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз. Сыртта электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан, билбордтардан, қоршаулардан аулақ болыңыз. Қайта дүмпуге дайын болыңыз. Қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз. Жақын маңдағы халықты қабылдау пунктіне барып, одан әрі нұсқаулар күтіңіз. Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз”, - деді ТЖМ өкілдері.

ТЖМ

Сонымен, жер сілкінісі кезіндегі мынадай тәртіп белгіленді:

- ғимараттан шығу (15-20 секунд қана уақытыңыз болады);

- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есік алдында тұрыңыз немесе балаларыңызды жаныңызда ұстап, негізгі қабырғалардың бұрышында тұрыңыз;

- Ешбір жағдайда терезенің жанында тұруға немесе балконнан секіруге болмайды;

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыстау тұру керек;

- үйлерге кірмеу де керек, себебі жер дүмпуі қайталануы мүмкін;

- лифттерді пайдаланбаңыз;

- сіріңке немесе шам жақпаңыз:

- электр тогы бар сымдарды ұстамаңыз;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету керек.

Жер сілкінісіне байланысты Jas Alash порталының тілшісі белгілі сейсмолог Әлқуат Нұрмағанбетовке хабарласып, мұндай кезде не істеу керегін сұрады.

Әлқуат Нұрмағанбетов
Әлқуат Нұрмағанбетов

“Ең алдымен дүрбелеңге түспеуіміз қажет. Жұртты қорқытып, жағдайды тіпті қиындата түсетін де осы “паника”. Дүрбелеңге бой алдырмай болған жағдайды бағамдап, сосын ғана әрекет етуіміз қажет. Әрбір үйде жер сілкінісінен қорғайтын бұрыштар, орындар болады. Мұның бәрі айтылып жүрген әңгіме ғой. Мен оны қайталап айтып жатпайын. Әрбір тұрғын жер сілкінісіне қатысты сауатты болғаны жөн.”, - деді белгілі сейсмолог.

Қазіргі күнде Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ тарапынан бірнеше іс-шаралар атқарылып келеді. мысалы, алғашқы жер сілкінісен кейін министр Шыңғыс Әрінов пәтер иелері кооперативтерімен бірігіп жер сілкініс кезінде не істеуге болатыны туралы жергілікті түрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айтқан болатын.

«Жақын арада алматылықтар ПИК-пен бірлесіп жұмыс істейміз және жергілікті жерде біз әрбір тұрғын үй кешенін, әрбір ауланы, әрбір подъезді қажет болса санатқа бөлеміз. Онда біз адамдар арасынан сақшылар деп аталатындарды таңдаймыз. Олар жер сілкінісіне қатысты түсіндіру жұмысын жүргізеді. Мұндай адамдар бұрынғы оқытылған қызметкерлер, өзіміздің зейнеткерлер, қажет уақытында қажетті шараларды ұйымдастыра алатындар», - деген еді министр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы бұдан бөлек халықты ақпараттандыру үшін департаменттің ұсыныстары ПИК чаттарына жіберілетінін де тілге тиек еткен еді.