Уақыт белдеуі мәселесі қалай қаралатыны белгілі болды
Зерттеу жұмысы келесі жылы басталады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек eGov порталындағы уақыт белдеуін ауыстыру туралы сауалнаманың неліктен тез тоқтатылғанына жауап берді. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Stan.kz-ға сілтеме жасап
Министрдің айтуынша, бұл мәселе әлі де талқыланады.
– Талқылау тоқтаған жоқ. Бұл кешенді зерттеудің құрамдас бөліктерінің бірі. 200 мыңға жуық адамға арналған сауалнама жүргізілді. Бұдан әрі қазақстандықтардың денсаулығына әсері айқындалады. Мұның бәрін біріктіріп, зерттеу аясында анықтаймыз. Біз 200 мың адамның пікірін анықтағымыз келді, осы көрсеткішке жеттік. Бұл – бірінші кезең. Зерттеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерімен бөлісеміз", – деді Министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл осы зерттеуді кім және қандай сомаға жүргізетінін анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі.
"Зерттеу жұмыстарын келесі жылы бастаймыз. Оған қаражат үш жылға бөлінеді. Бірақ ертерек аяқтауға тырысамыз", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін 21 қарашада Қазақстанда eGov мобильді қосымшасында уақытты өзгертуге қатысты сауалнама пайда болған еді. Ал 25 қарашада уақытты кейін қайтаруға қатысты сауалнама жоғалып кеткен болатын.