Бүгін, 12:27
УЕФА президенті сайлауы Қазақстанда өтеді
УЕФА-ның 51-кезекті конгресі 2027 жылдың 4 наурызында Астана қаласында ұйымдастырылады.
Бұл туралы ресми хабарланды. Жиынға УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысып, бірқатар стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды.
Конгресс аясында УЕФА президенті сайланады, сонымен қатар ұйымның Атқарушы комитетінің жаңа мүшелері анықталады.
Еске салсақ, 50-конгресс 2026 жылғы 12 ақпанда Брюссельде өткен еді.
Айта кетейік, 51-конгресс Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылған ең ауқымды халықаралық футбол іс-шараларының бірі болады. Барлық шығындарды УЕФА өз мойнына алады.