Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:58, 17 Маусым 2020

Ұйғыр ауданында төбелестің неден шыққаны белгілі болды

Ұйғыр ауданында төбелестің шығу себебі анықталды.Бірін-бірі пышақтаған жігіттер жолға таласқан.

Алматы облысы әкімінің  баспасөз хатшысы  «Жас Алашқа» оқиға себебін бұған дейін де айтқан болатын. 

Бүгін Алматы облысы әкімі оқиға болғанауданға барып шұғыл жиналыс өткізді. 

Жиында Ұйғыр  ауданының атын ауыстыру туралыұсыныс тағы да көтерілген. 

«Облыс әкімі  ауыл ақсақалдарының да пікірінтыңдады. Жасыратыны жоқ, кейбір адамдар ауданның атауын ауыстыру мәселесін деайтты. Айтылған пікірлердің бәрі хаттамаға толтырылып жатыр. Хаттама негізіндекейін шаралар қабылданады. Пышақталған жігіттердің бесеуі де аман,өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ,  жағдайлары тұрақты. Екі тарапта, Ұйғыр ауылының ақсақалдары да бұл істің өздеріне абырой әкелмейтінінайтты. Себебі, олар ұзақ жылдан бері бірге тұрып келе жатыр.

Олар өздері де үшінші тараптың іріткі салып жүргеніне шағымданды. Осыданекі жыл бұрын конференция өткенде ауданның атын Қарадала деп,  Шонжыныңатын Әлмерек деп ауыстыру туралы айтылған. Сол мәселе тағы көтерілді. Облысәкімі бұл ұсыныстардың бәрі хаттамаға толтырылып,  содан кейін шешімқабылданатынын ескертті. Ономастикалық заң бойынша оның бәрі орталықтақаралып, мемлекеттік комиссияның шешімімен қаралады.

Дегенмен, әкім халықтыауызбіршілікке шақырды. Өйткені, соңғы уақытта Ұйғыр ауданының экономикасықарыштап дамып жатыр. «Жұмыспен қамту», «Жол картасы» сынды бағдарламаларбойынша бөлінген қаржының да біраз бөлігі осы ауданға тиесілі. Жобалар іскеасып жатыр. Тұралап қалған құс фабрикасы қайта ашылды. Осының барлығыбейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасы. Егер екі тарап бір бірімен жаға жыртысса,инвесторлардың өзі өңірге келуден бас тартуы мүмкін екенін  облыс әкіміеске салды», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы ҒалымұратЖүкел.

Тегтер: