Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:09, 08 Ақпан 2021

Үкімет элиталы бизнесті қолдай беруді доғару керек

None
None

Мамандардың пайымынша,  алдағы уақытта Үкімет біреулердің жекелеген бизнесін ғана қолдауды доғару керек.

Бұлай деуге себеп, осы пандемия басталғалы Үкімет елдегі бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шешімдер қабылдады. Банктерден арзан несие беру, несиені кешіру, салықты төмендету тәрізді жеңілдіктерді бізде бірінші кезекте қарапайым шаруа немесе өз күшімен адал ақы маңдай тер тауып жатқан кәсіпкер емес, қолдаушысы бар «элиталы бизнестің» алып жатқаны туралы деректер де кезедеседі. Осыған байланысты сала мамандары «болашақта жекелеген бизнестен бөлек   ғылымға бөлген абзал»,-деп отыр. Бұл ретте «Барометр талдау-сараптау орталығының маманы Дәуран Арын былай дейді:

— Қазір нанотехнологияның дамыған заманы. Мұнайдың орнын алмастыратын заттар да көбейді. Қазір дамыған әлем елдерінің басым бөлігі көмір мен ағашты химиялық синтездеуден өткізіп мұнай жасауды ойластырып отыр. Тіпті осылай жұмыс жасап отырған елдер де бар. Демек келешекте мұнай бағамының төмендеуіне негіз бар. Сондықтан бір ғана мұнайға байланған экономика құрудың дұрыс еместігіне ендігі көзіміз жеткіздік. Демек, біз үшін қазірде маңыздысы инновацияға, ғылымға бет бұру. Отандық өнім өндіру саласына ден қою. Қазақстанның өзін-өзі қамтитын деңгейін артту маңызды болмақ. Осылай еткенде ғана Қазақстан бұл дағдарыстан ұтып шыға алады. Үкімет „элиталы бизнесті“ қолдауды доғару керек. 

 Жалпы, мамандардың байыптауынша, болашақта АҚШ, Қытай тәрізді алпауыт елдердің өзі мұнай бағасын түсіруге ықыласты болады. Себебі, ғылымы дамыған елдердің дені мұнайдан күнделікті тұтынатын заттардың барлығын алып жатыр. Киім-кешектен бастап, кір жуатын сабын, жазатын үстеліміз, қолданатын қаламсабымызға дейін бірқатар елдер мұнайды химиялық синтездеу арқылы алады. «Осыдан барып Қытай мен АҚШ-тың өзі мұнай бағасын түсіруге барын салады» деді мамандар. Сондықтан сарапшылардың ойынша, біз үшін шикі мұнайды сата бергеннен гөрі, индустриалды-инновацияға бет бұру маңызды.

Тегтер: