Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Еліміздің бала құқын қорғау жөніндегіуәкілі Аружан Саин «қазіргі карантинге байланысты отбасындағы әр балаға42 500 теңге төлеу керек» деп бастама көтергелі біраз болды.
АружанСаинның бұл бастамасын экономист мамандар да қолдап отыр. Мысалы, экономист-сарапшыМақсат Халықтың айтуынша, қазіргідей қымбатшылық жағдайында Қазақстандағы еңтөменгі жалақы 42 500 теңге емес, 70 мың теңгенің айналасында болуыкерек. Мұны ескерсек, елдегі табысынан айырылғандарға, карантинде қаражаттан таршылықкөріп отырғандарға 73 мың теңгенің көлемінде жәрдемақы төленгеніабзал. Алайда мамандар осылай дегенімен,мұны естір құлақ, іске асырар епті үкімет қайда?! Ендеше, талдап көрелік.
Ресей мен Қырғыздан қай жеріміз кем?
Қазір әлемді жайлаған пандемияғабайланысты бірқатар елдер халықты ашықтырып алмаудың бар амалын қарастырыпжатыр. Мысалы, Ресейде індеттің таралуына байланысты адамдарға демалыс берді, одан кейін оны ұзартты. Артынан шектеу шараларыенгізілді. Осылайша халықтың табысы күрт төмендеп кеткенін Ресей үкіметі бірденназарға алды. Ресейде қазір үш жасқа дейін әр балаға 5000 рубльден жәрдемақыберіліп отыр. Бұл – теңгеге шаққанда шамамен 29 мың теңге. Ал 3-тен 16 жасқадейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль (шамамен 57 700 теңге) көлеміндебір реттік төлем тағайындалды. Бұдан соң, Ресей шағын және орта бизнестіңнесиесін кешіруді бірден қазан айына дейін созды. Жекелеген адамдардың данесиесін қазан айына дейін кешірді.
Ал біз «экономикасы дамымай артта қалды» дейтінҚырғызстан да осы бір індет кезінде халықты қолдауды барынша меңгеруге тырысыпкеледі. Қырғызстан президентіСооронбай Жээнбеков осы індет басталған сәтте бірден коронавирусқа қатыстыеліндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін «сәтті сәрсенбі» бағытындажұмыс істеуге шақырды. Бішкекте сәрсенбі күндері мүмкіндігі шектеулі жандарғажан-жақты көмек жасалады. Мемлекеттік төлем, қайырымды жандардан қолдау,медициналық қызмет түрі, дәрі-дәрмек жеткізу, халықтың шағым-арызы жөнінде жұмысістеу – барлығы Қырғыз елінде осы«сәтті сәрсенбі» бағытымен жүзеге асады. Қырғыз үкіметінің осы жобасықазір біраз бұқараны қызықтырып отыр.
Өзбектерде елдің өзегін талдырмауға қам жасауда
Өзбекстан үкіметінің әбжілдігі жайлы бүгінде оң пікірлер айтыла бастады.Бұл елдің үкіметі сын сағатта шалт қимылдап, халықты барынша керекті заттарменқамтып, өзбектердің мүмкіндігі шектеулі жандары наурыздан бастап қосымшаөтемақы ала бастады. Өзбекстан бастаған бұл бастаманы тағы сол Ресей бірден қағып алып, олар да мүгедек жандарға мемлекет белгілегенжәрдемақыға қосымша федералдық бюджеттен 12 900 рубль, облыстық бюджеттен 28 600 рубль, аудандық бюджеттен 2821 рубль көлеміндеүстемеақы төленіп тұрды. Бұған қатысты біздің үкіметтің мүгедектергетағайындаған қосымша жәрдемін айтудың өзі ұят (!). Қазақстан үкіметі пандемияғақатысты бірінші, екінші топтағы мүгедектерге 5300 теңгеден қосымша жәрдемақытағайындады. Бұл топтағы мүгедектердің алатын жәрдемақысы 50 мың теңгеденәрең асатынын ескерсек, «соған қосымша көмекке берілген 5300 теңге шыныменкөмек бола ма» деген заңды сауал туындайды.
«Жас Алашқа» пікір білдірген «Аман-саулық» қоғамдық қорының президентіБақыт ТҮМЕНОВА былай дейді:
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы тым аз. Тіпті мына төтеншежағдайға қатысты жалпы халыққа беріліп жатқан 42 500 теңгенің өзі де мардымсыз.Қазіргідей барлығы қымбаттап тұрған кезде бұл өте аз қаражат. Ал мүгедекжандарға жергілікті бюджеттен 5300 теңге бөлу деген ұят. Мұндай нәрсеніжергілікті бюджетке қаратпай, республикалық бюджеттен барлық мұқтаж жандарғабірдей бөлінуі тиіс.
«Еститін мемлекет» неге естімейді?
Қалай десек те, қазір халықтың қолындағы қаражат азайып қалды. Тіптікірісі күрт төмендеген адамдар алақанжайып, қайыр сұрауға да арланып отырған жоқ. Үкімет бұл мәселенің артыэкономикаға үлкен соққы болатынын сезінбей отыр ма, әлде сезсе де, сыр бермейсырғақси ма, әйтеуір, қанша жерден тың ұсыныстар айтылса да, «барлығы жақсы»деуден танбайды. Ақиқатында, елде шырылдап шындықты айтып үндеу жолдағандар да көп, жағдайын айтып көмексұрағандар да жетерлік. Бірақ «еститінмемлекет боламыз» деген үкіметтің өзі бұқараның осы базынасын аса есітіп жатқанжоқ. Осыған қарап «біздің үкімет керең бе, әлде сараң ба», деп жүргендердіңқарасы артып келеді.
Халықта қаржы жоқ, экономиканы қалайқұтқарамыз?
Негізінде, экономиканың заңы бойынша, халықтың қолында қаражат жоқболса, экономиканың да болашағы бұлыңғыр деген сөз. Бұл ретте экономист-сарапшыМақсат Халық былай дейді:
– Бүгінде экономикадағыүлкен проблема – жиынтық сұраныстың түсіп кетуі. Өйткені халықтың қолындақаражат жоқ. Қандай да бір тауарды алғысы келеді, бірақ сатып ала алмайды.Сондықтан ең бірінші кезекте осы мәселені шешу керек деп ойлаймын.
Міне,маманның пайымынша, жиынтық сұраныстың түсіп кетуі осындай мәселеге әкептірейді. Сондықтан үкімет болашақта табыссыз қалғандардың қолына қаражат ұстатужағын мықтап қолға алуы керек. Ол үшін елдегі жұмыссыз қалғандарға «екі қолғабір күрек» ұстатып, жұмыс беруі керек болмаса бюджеттен бөлінетін жәрдемақыныңкөлемін арттыру қажет.
Ұлттық қордың шарапаты қайда?
Жалпы, біздіңбилік қанша жерден халықты тарықтырмаудың амалдарын қарастырып жатырмыздегенімен, мемлекеттік көмекке қолы жетпей, биліктен емес, қайырымды жандарданкөмек сұрап жатқандардың саны көбейіп барады. Бұған қатыстыэкономист мамандар арасында «Ұлттыққордан әр тұрғынға ақша бөлу керек» дейтіндер де табылды. Мәселен,экономист-сарапшы Марал Төртенованың айтуынша, енді Ұлттық қордың шарапатын көретін кезең келді. Ойын ортағасалған маман былай дейді: «Ұлттық қорға қазір мұнайдан түсетін түсім,корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы, пайдалы қазбалардыөндіру салығы, өнімді бөлу бойынша үлестер, экспортқа рента салығы жәнеөнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауынпайдаланушының қосымша төлемі, міне, осылардың барлығы Ұлттық қорға түседі. Бізбұл қаржыны «халықтың басына әлдеқандай жағдай туғанда тығырықтан алып шығады»деп сақтап отырмыз. Ендеше, қазір сол кезең келді».
Тақырыпқатұздық
Көтерілген мәселеге орай, пікір білдірген экономист-сарапшыМарал ТӨРТЕНОВА ойын былай деп түйіндеді:
– Қалай десек те, қазірәлемді жайлаған індеттің ауыртпалығы ғана емес, экономикалық қиыншылықтары да таяуболашақта қатты сезіле бастайды. Қазір қол-аяғы балғадай азаматтардың өзіқиналып отыр. Тіпті бүгінде тіреп тұрған бизнесі бар, шаруасын дөңгелетіпотырған кәсіпкердің де уайымы қалыңдап кетті. Өйткені олардың да бизнесінің бабы кете бастады. Элиталы бизнесімен тамыр-танысы барлардың да көмек алыпжатқан фактілері кездесті. Көмекке шын мұқтаж жандарды шөміштен қағып, бармақбасты, көз қысты әрекетке жол бергенді доғару керек. Ел басына күн туғанкезеңде де жемқорлықтан аяқ тартпағандар жазалануы тиіс. Мамин үкіметі халыққатүсер ауыртпалықты жүрегімен сезінсе деймін. Үкімет мүшелері «алаңдауға негізжоқ, мемлекет барлығына көмектеседі» дегенімен, халық толыққанды сол көмектісезініп үлгерген жоқ. Мұны мойындау керек.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ