07:11, 21 Қараша 2022
Үкімет отставкаға кетпейді, бірақ өзгеріс болады - Тоқаев
Кеше ҚР Президенттігінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетпейтінін айтты.
Президенттің айтуынша, бірақ алдағы уақытта өзгерістер болады.
Сайлаудан кейін әдетте Үкімет отставкаға кетіп, қайта жасақталады. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы биліктің құрамы сақталатынын айтты. Яғни аздаған өзгерістер ғана жасалынады.
— Президент сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кетуі міндетті емес. Бірақ өзгеріс болады. Ал Парламент сайлауы жайлы жыл соңына дейін үндеу жариялаймын,
— дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.