Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:04, 14 Наурыз 2022

Үкімет жанынан Су кеңесі құрылды

None
None

Былтырғы жылы Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы қуаңшылық  ауылдағы ағайынның қолындағы азғантай малына оңай тимеді.

Жаздай төрт түліктің ұлан байтақ даламыздан түртіп жейтін шөп таппауының соңы елде төтенше жағдай жариялауға себеп болды. Терісі сүйегіне жабысқан малдың қыстан қалай шығарын уақыт көрсетеді, бірақ Үкімет қарап отырмай биыл мәселенің алдын алуға күнібұрын кіріскені байқалады.

Осы орайда жақында Үкіметте Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Негізі су кеңесін құру туралы бастаманы қаңтар айында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі көтерген болатын. Кеңестің басты міндеті су мәселесі бойынша өтетін мемлекетаралық келіссөздерде Қазақстанның мүддесін табанды қорғайтынын ескерсек, бұл бастаманың еліміз үшін маңызы зор! Бастама жөнінде вице-министр Серік Қожаниязов «Мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер процестеріндегі Қазақстанның ұстанымын күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен су кеңесі құрылмақшы. Бұл кеңестің негізгі міндеті сыртқы су саясатын әзірлеу барысында Үкіметтің барлық құрамының іс-қимылын үйлестіру болады» деген болатын.

          Атап өтер жайт мамандар су тапшылығы болатынын, трансшекаралық аймақтардағы туындайтын су мәселесін алдын ала айтқан болатын. Су бағасы мұнай бағасымен теңесетін күн туады деген болжамдар да айтылған еді. Мамандардың айтқан сол болжамдарының бүгінгі күні алдымыздан шығып жатқанын байқаймыз. Сондықтан су кеңесінің құрылуы осы мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, қоғамымыз үшін пайдалы боларына сенеміз. Өйткені су Кеңесінің қызметі су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Үкіметтің бұл бағыттағы жұмыстары қазірдің өзінде нәтижелі. Мәселен Су кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаластық жасасып, келісіме келген.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда», – дейді. Демек Су Кеңесі биылғы жылы су мәселелерінің алдын аларына сенеміз.

Тегтер: