Үкіметке тықыр таянды ма?

Қалыптасқанахуал екі аптадан кейін жақсаруы тиіс. Әйтпесе...
Жақында бейнебайланысжүйесі арқылы Қ.
Тоқаевтың төрағалығыменүкіметтің кеңейтілген отырысы өткенінен құлағдар болдық.
Қазіргіэпидемиологиялық ахуал өзін ғана емес, бүкіл қоғамды аса қатты алаңдатыпотырғанын ашына жеткізген президент, бұрынғы – бұрынғы ма, осы жолы үкімет мүшелерінен бастап, барлық министрліктер және тиісті орындар мен құзырлыорган өкілдеріне қатты сөйлепті.«Сиырсипағанды, жаман сыйлағанды білмейді» деген қазақпыз. Бір-екі рет айтты. Үшіншірет меңзеді. Төртіншісінде шұқып көрсетті. Болмаған соң бірді-екілісінорынтақтарынан алып тастады.«Қосылғыштардыңорны өзгергенмен, қосынды өзгермей қалмаса болды да» деген қауіп қараша халықтымазалайтынын ол кісі біліп отыр.
Дәл осындайқысылтаяң шақта ешкімді қиыншылықта қалдырмай, әрбір азаматтың денсаулығы менөмірі үшін күресетіндіктерін баса айтқан мемлекет басшысы күні кешежасаған телеүндеуінде азаматтардан сынама алу үшін жұмыс істеп тұрғанлабораториялардың қосымша құралдармен жабдықталып, 20 ПТР-анализатор сатыпалынғанын жеткізген болатын. Осындай нақты жұмыстардың арқасында күніне 40мыңға дейін сынама алатын жағдай жасалатынына жұртты сендірген еді.
«Әр қазақ –менің жалғызым» (С.Адай) дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қаттыбатады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгіндеқара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – дептолқынысын жасыра алмаған ел ағасы 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні депжариялады.
Ал бүгінгі жиында үкімет ел президентіне 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығындағыеліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепберді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар,мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгібағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылған кеңесте «Еңбасты міндет – коронавирустың таралуын тоқтату және емдеу ісінде айтарлықтайнәтижеге жету» деп, сөзінің астын сыза атап көрсеткен Қасым-Жомарт Кемелұлыіндетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана жемістіболатынын баса айтты. «Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимініңқатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек. Карантин режимін бұзғандар жауапқатартылады. Салғырттыққа жол бермеу керек. Келесі міндет – толыққандымедициналық көмек көрсету және дәрі-дәрмекті қолжетімді ету» екеніншегелей айтқан президент басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жіберген денсаулықсақтау министрлігін аяусыз сынға алды.
Осынау сыникезеңде санитарлық бас дәрігердің пікіріне дұрыс құлақ аспаған, ұйымдастыружұмысын жеткіліксіз атқарған, қабылданған шараларды түсіндіру кездеріндеолқылықтар жіберген, жұмысын тиісті деңгейде атқара алмаған бірқатарәкімдер мен бақылауды жоғалтқан үкіметке өзінің ренішін жайып салды. Жіберілгенқателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құрылатынын, ол комиссияныңарадағы ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, тікелей өзіне ұсынысберуі тиіс екенін талап етті. «Біз қазір дәрі бағасының қолдан қымбаттаумәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз», – деген Тоқаевтың қынжылысы өте орынды.«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартадының» кері келіп жатқаны рас. Некүлеріңді, не жыларыңды білмейтін осындай жайттарға кезіккенде мынадай бір мысалеске түседі.
Көршісініңқорасы өртеніп, ел-жұрт түгел шелегімен су тасып, өртті сөндіріп жатқанда бір пысық келіншек ашамүйіз айырыныңбасына қойдың төрт сирағын тығып алып, өрті жалындаған қораға қарай жүгіріпбара жатыр дейді.
Аңтарыла қараған ауылдастарына:
– Мал сойғанбыз. Мына дайын отқабас-сирағын үйітіп алайын деп едім, –депті әлгі әйел.
Сол айтпақшы, жұрттың дені жаһандық жаман аурудан қайда жасырынарын, қалайсау қаларын білмей аласұрған мына аласапыран шақта еларасынан дәрі-дәрмектерді тығып сатып, құнын қымбаттатқан алыпсатар алаяқтардыңшығуы жығылғанға жұдырық болды.
Кеңестекоронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерқарастырылып, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалықдамуы қорытындыланды. Бұл туралы президент баспасөз қызметінің @AkordaPress ресми аккаунтында жасалынған твит-трансляциядан толықтанысуға мүмкіндік болғанын айта кетуіміз қажет.
Жыл басынанбері күрделі жағдайда дамып келе жатқан ұлттық экономика 1,8 пайызға төмендеген. Пандемияғабайланысты қызмет көрсету саласы 5,6 пайызға дейін құлдыраған. Халықтыжәне бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қарастырылуда. Тоқаевтыңтапсырмасы бойынша экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндекешенді жоспар қабылданды. Сондай-ақ жиында үкімет пен әкімдердіңэкономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етужөнінде қабылдаған шаралары талқыланды.
Күн тәртібіне қойылғанбасты мәселелер бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуыныңқорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде премьер-министрАсқар Мамин, ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктіңтөрағасы Ерболат Досаев, еліміздегіэпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы денсаулық сақтауминистрі Алексей Цой баяндама жасады. Қысқа әрі нұсқа, негізгімәселелерге ғана уақыт бөлген Қ.Тоқаев бірқатар облыс басшыларының айтқандарынада құлақ түрді.
Президенттіңқателіктер мен олқылықтарды анықтайтын комиссия құрылатыны туралы айтқанынжоғарыда сөз еттік. Сондай-ақ ол «СК Фармация» компаниясын біліктімамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.
Осы орайда, бізде өз ойымызды ұсынғанды жөн көрдік.
Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) деп аталатын, шын мәніндегі мақсатымедициналық қызмет сапасын дамыту бағытына арналған танымал қордың соңғыуақыттардағы шала тірлігі Алтайдан Атырауға дейінгі Ұлы даланы жайлап жатқан еліміздің түкпір-түкпірін шулатып, шошындырып жатқаныбелгілі. Тоқаев сөзіне арқау болған әлгі «СК Фармация» компаниясын да, мына ӘМСҚ қорын да бұған дейін басқарған мамандарбілікті болмаған деп ойламаймын. Білікті,білімді болу бар да, адал, ар-ожданды болу бар. Орнынан шегедей жұлыныптасталған сол мамандардың орнын тағы да «білікті» мамандар басатынына күмәнім жоқ.
Медициналық сақтандырудың жырынан жәнеоны басқарған Мешінбаеваның «іскерлігінен» баяғыда әбден күйгеніміз қайда? Жаңалық ашқандай, түсінбояп, формасын алмастырған ғұмырсыз жобалар қаптағанымен, мазмұн сол қалпындақалды емес пе?
Биыл туғанына 1150жыл толып жатқан әл-Фараби ғұламамыздың «Тәрбиесіз білім апат әкеледі» дегенданышпандық нақылын жатқа білгендігімен, іс жүзінде бәрін, керісінше, «жүзегеасыратын» жылпос мамандардың көбейіп кеткенін кім білмейді? «Молданың істегеніністеме, айтқанын істе» деген мәтелдің заманы дәуірлеп тұрған жоқ па?!
Тамыр-таныстықтаншығатын сыбайластық талай рет сан соқтырса да, жеңұшынан жалғасқан жемқорлықжыл сайын жағадан алса да, білікті маман деп, әспеттеп әкеліп, биік лауазымдыорынтақтарға қонжитатын қызмет иелерінің көп ұзамай арты ашылып қалып, артқансенімнің күлпаршасын шығаратынын қайда қоямыз?
Сонда қайтпеккерек? Кадрлық резерв жүйелі жолға қойылмаса осы да…
Мемлекетбасшысы білікті маманның қайсыбірін тани берсін. Оған оларды ұсынатын адамдардажатыр таяқтың бір ұшы. Оларды «тауып», ұсынуға тиіс жандар, әлбетте, өзініңет-жақынын атамаса да, өз ықпалынан шыға қоймас деген кадрлардытықпалайды. Әр кез сайын құрылатын уақытшакомиссиялар туралы да осылай деуге болады.
Жан-жақтағыжағдайды бақылауға алып, тексеруге баратын комиссиялар жайлы төңірегіңіздегілер нысан иелеріне, тиісті жерлерге алдын ала хабарлап, «дайындатып», «сақадай сай» боп үлгертіп, тексеруге келетіндерді құдайы қонағындайкүттіріп отыратындықтан, көп кемшіліктер комиссия мүшелерінің көзінетүспей қалуы мүмкін. Бұл үрдіс елордадан облыс-облыстарға келіп-кететінмемлекет басшыларына ғана емес, аймақ басшыларына да тән сценарий.
Телеарналардан беріліп, мерзімдібасылымдарға шыққан ақпараттар да қарапайым халықты атқарылып жатқанжұмыстардың нәтижесімен құлақтандырғаннан гөрі құрғақ есеп берулергекөбірек ұқсап кететіні сондықтан.
Баяғыныңбилеушілері мен әміршілері, хандары мен патшалары өз қол астындағы халқыныңкүнкөрістерінің қаншалықты екенін, өзі жайлы қандай пікірде екенініңанық-қанығын білу үшін қасындағы уәзірін де ертпей, зерлі тағы мен асыл тастытәжін уақытша тастап, үстіне жаман-шоқпыт киіп алып, дәруіш болып елкезіп, базар ішін аралағаны тарихтан белгілі. Алуан түрлі мәселелер менжағдайларды уәзірлерінің аузынан есту бір бөлек те, басшыларының дәлжанында тұрғанынан мүлдем бейхабар халық өкілінің аузынан естіп-білу тіпті басқа.
Шапанауыстырып, өң өзгерту міндетті емес, әрине. Бірақ осы тақылеттес әдістерқолданылса, бұдан да көп шикіліктердің беті ашылар ма еді. Үш қайнауы кемшикіліктер әбден пісіп-жетілдірілер ме еді. Біздің тілек – осы. «Қалыптасқанахуал екі аптадан кейін жақсаруы тиіс» деп үміт артқан президентіміздіңжылы сөзіне біз де иланайық.
Үміт БИТЕНОВА,
ақын, тәуелсізжурналист