Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:41

ҰҚК Алматыда терактінің алдын алғанын және шетелдіктердің ұсталғанын хабарлады

1
Фото: ҰҚК

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында дайындалып жатқан терактіні тоқтатқан.

 Бұл туралы  ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

 Бес шетелдік күдікті ұсталды

Ресми мәліметке сәйкес, терактіні ұйымдастыруға бес шетел азаматы қатысқан. Олар дайындық кезеңінде ұсталып, барлығы қамауға алынған. Қазір олардың ісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҰҚК атап өткендей, қылмыстық істің тергеу барысына қатысты ақпарат әзірге жария етілмейді.

 Терроризмді насихаттаған 8 адам қамауға алынды

Комитеттің хабарлауынша, қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттау күдігімен 8 қазақстандық азамат та ұсталған. Олар да Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша жауапқа тартылып жатыр.

Сондай-ақ осы кезеңде ҰҚК материалдары негізінде террористік және экстремистік қылмыстар жасаған 6 адам әртүрлі мерзімге сотталған.

Жалпы, 2025 жылдың басынан бері ұқсас қылмыстар бойынша 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 6-уы шетел азаматы.

Тегтер: