ҰҚК арнайы операциясы: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
5 қазанда ҰҚК полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.
«Топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.
Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген хабарлдамада.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.