Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:31, 27 Желтоқсан 2024

ҰҚК халықаралық есірткі саудасымен айналысқан үш қазақстандықты ұстады

1
Фото: из открытых источников

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің департаменттері Маңғыстау облысының прокуратурасымен келісе отырып, халықаралық есірткі жеткізу арнасының жұмысын тоқтатқаны хабарланды.

«Есірткі сату кезінде Қазақстанның үш азаматы ұсталып, соттың рұқсатымен заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін қараша айында Маңғыстау облысы прокуратурасымен келісе отырып, ҰҚК-нің күшімен оңтүстік облыстардан есірткі жеткізудің ішкі арнасы да жойылып, онда 300 келіден астам қарасора тәркіленді.

Тегтер: