Бүгін, 16:03
ҰҚК Қазақстанға заңсыз көші-қон схемасын әшкереледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ тұлғалардың іс-әрекетінің жолын кесілгенін хабарлады.
Хабарланғандай, ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратурамен келісе отырып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ тұлғалардың әрекетін тоқтатты.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар көршілес елдердің азаматтарына заңсыз 80-нен астам Қазақстан аумағында уақытша тұруға рұқсат берген. Тінту кезінде заттай айғақтар алынды. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.