Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:52

ҰҚК «ҚТЖ» еншілес компаниясы филиалының басшысын ұстады

ҰҚК
Фото: ҰҚК

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, кейін бұл мәліметті компанияның өзі де растады.

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті «ҚазТемірТранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базеновті 1,1 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұстады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Компания бұл ақпаратқа қатысты құзырлы құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын растады.

«ҚазТемірТранс» АҚ уәкілетті органдарға жан-жақты көмек көрсетіп, тергеу аясында барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар компания өкілдері нысандарды күзету бойынша мемлекеттік сатып алу тендерінде жеңіске жетуге көмектескені үшін осындай ірі көлемде заңсыз сыйақы алынғаны туралы ақпаратқа күмән келтіретінін айтты.

Олардың мәліметінше, компанияның күзет қызметіне арналған жалпы бюджеті шамамен 200 млн теңгені құрайды. Ал Алматы филиалындағы өндірістік базаларды күзетуге биыл 9 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл сома таралып жатқан пара көлемінен бірнеше есе аз.

Қалған жайттардың барлығы тергеу барысында анықталмақ.

Тегтер: