Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 08 Қазан 2025

ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

К
Фото: ашық дереккөз

2019-2020 жылдары ҰҚКД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасов кәсіпкер Эльмира Дүйсенқызынан колледжге «қамқорлық» жасағаны үшін 45 млн теңге, ал жекеменшік мектепке қолдау көрсеткені үшін 70 млн теңге алғаны анықталды.

Сонымен бірге прокуратура Сарбасовпен бірге Варзилов, Жаңабаев және Тышқанбаевты 130 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деп айыптады.

Сот үкімімен Манат Сарбасов 12 жылға бас бостандығынан айырылып, әскери шендері мен мүлкінен (екі бөлмелі пәтер мен Toyota Land Cruiser көлігі) айырылды. Сондай-ақ ол 70 млн теңге пара сомасын өтеуге міндеттелді.

Осы іс бойынша сот шешімі:

Темірхан Варзилов – 4 жыл бас бостандығы шектелді;

 Шыңғыс Жаңабаев – 7 жылға сотталды;

 Ерлан Тышқанбаев – 5 жыл бас бостандығын шектеу, сот залынан босатылды;

Айдос Сраилов – 1 жылға шектелді, рақымшылыққа ілікті.

Тегтер: