Үкімет барлық мемлекеттік қызметтің 86%-ын смартфон арқылы алуға болатынын айтты

ҚР Үкіметі қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтің 93,3%-ы электронды түрде ұсынылады, оның 86%-ына смартфон арқылы қол жеткізілгенін мәлімдеді.
«eGOV Mobile» мобильді қосымшасы мен 56 қызметке қол жеткізілген сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 млн қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің көпшілігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистердің халық үшін қол жетімді болғанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта келесі қызметтер қол жетімді:
- Автокөлік бойынша онлайн мәмілелер;
- Цифрлы ипотека;
- Цифрлы нотариат;
- Жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу;
- Соттан тыс банкроттық;
- Автокөлікті заңдастыру;
- «Несиені тоқтату» сервисі – қарыз алудан ерікті түрде бас тарту;
- Құмар ойындарға қатысуды және бәс тігуді шектеуге арналған сервис;
- еGov Mobile-дағы еңбек шарттары;
- Білім берудің ресми құжаттарына апостиль қою;
- ТЖ шығындарын өтеу;
- Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру қызметі және басқалар.
Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері де жеңілдетілді:
- eGov Business мобильді қосымшасы;
- «Заңды тұлғаның цифрлы сенімхаты» сервисі;
- Лицензиялардың 100% онлайн форматта қол жетімді;
- Лицензиялардың 12 түрі «автоматты түрде қол қою» режиміне ауыстырылды.
е-Otinish Бірыңғай платформасы аясында азаматтардан 6,8 миллион өтініш қабылданды. Талдау қорытындысы бойынша қазір Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 29 «жасырын» қызмет анықталды. Өтініш берушілердің бағалауы бойынша жауап сапасына қанағаттану 17,5%-ға өсті.