Үкімет: экономика мен инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты шаралар
Үкімет соңғы жылдары ұзақмерзімді экономикалық өсудің тұрақты негізін қалай отырып, қордаланып қалған инфрақұрылымдық және әлеуметтік міндеттерді шешуді маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіледі.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту, көлік-логистикалық жүйені жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, адам капиталы сапасын арттыру арқылы экономиканы трансформациялау негізгі басымдық болды.
Экономика
* ЖІӨ өсімі: 2023 жылы – 5,1%; 2025 жылы – 6,5%
· Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 2023 жылы – 46,9%, өнім көлемі – 22 трлн теңге; 2025 жылы – 49,8%, өнім шығару көлемі – 30,6 трлн теңге
· 2025 жылы 190 жаңа өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылды
* Цифрлық активтер индустриясынан түскен кіріс: 2023 жылы – 8,6 млрд теңге; 2025 жылы – 11 млрд теңге
Білім беру 2024-2025 жылдар
* 614 мың оқушы орнына арналған 419 жаңа мектеп салынды
* 19 апатты мектеп жойылды
* 58 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапты
* 190 мектепте орын тапшылығы жойылды
* ТжКБ ұйымдарын жан басына сәйкес қаржыландыру көлемі 2 есеге артты
Денсаулық сақтау
* «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 МСАК нысаны салынды
Спорт саласы
* Халықты спорт инфрақұрылымымен қамту 2023 жылы – 52,2%; 2025 жылы – 59,6%
* Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 40,4%-дан 44,5%-ға дейін өсті
Жол инфрақұрылымы
· 2024 жылы 12 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның 7 мың шақырымы аяқталды.
· 2025 жылы 13 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қамтылды. Республикалық маңызы бар 778 шақырым жол салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
* Нәтижесінде: Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі: – республикалық маңызы бар жолдар 93%-ды, жергілікті жолдар 87%-ды құрады
Теміржолдар
* 2 жылда 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді
* «Достық – Мойынты» (836 шақырым) теміржолы екінші желісінің құрылысы аяқталды
* «Алматы айналма жолы» жобасы (75 шақырым) іске қосылды
* Жаңа жобалар іске қосылды: «Мойынты – Қызылжар», «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерін жаңғырту жобалары
Авиация
* 10 әуежайда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді
* Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар іске қосылды
· Өткізу қабілеті 6,5 есе артты
* ИКАО аудиті сәтті өтті (стандарттарға сәйкестігі 95,7%-ға дейін жеткізілді)
* Халықаралық бағыттар желісі 135 бағытқа дейін кеңейтілді
ТКШ және энергетика
* Коммуналдық инфрақұрылымның тозуы 49%-ға дейін төмендеді
· 2021 жылдан бері сумен жабдықтау саласында жалпы құны 835 млрд теңге болатын 1,6 мың жоба жүзеге асырылды
· 34 қала және 756 ауыл орталықтан берілетін сумен қамтамасыз етілсе, 699 ауылға блок-модульдер орнатылды
* Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобалар 100% жүзеге асырылды
* Жылу электр орталықтарында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 9 ЖЭО қызыл аймақтан сары аймаққа, 3 ЖЭО — сары аймақтан жасыл аймаққа ауыстырылды
* Мақсат – инфрақұрылымның тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру.